Меню KDT

logo.png?_=1675424649

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Кеңес Одағының Батыры И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ »
  • kz
  • ru
  • en
  • Мектеп мәзірі

    Все новости

    Бүгін_Ұлттық_домбыра_күні


    #Бүгін_Ұлттық_домбыра_күні
    Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар
    Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген. Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деп жырлаған ішекті аспап жайлы толығырақ дерекқорынан оқыңыз.
    Домбыра атауы қайдан шыққан
    "Домбыра" атауының шығу төркініне қатысты талас-тартыс көп.
    Түркі тілдес халықтарда домбыра тектес шертпелі аспаптарды қазақ, ноғай, өзбек, башқұрт – домбыра, тәжік – домбурак, бурят – домбро, монғол – домбор, түрік – томбра, телеуіт – комыс, шор – қобус, қырғыз – қомуз, қырым татарлары – қобуз, хақас – хомус, алтай – топшур, тува – топшулур, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр – дутар деп айтады.
    Кей деректерге сүйенсек, "домбыра" сөзі көне шумерден аударғанда "кішкене садақ" деген мағынаны білдіреді. Ал академик Ахмет Жұбановтың айтуынша, "домбыра" сөзі "қозы құйрық" сөзімен байланысты "дунбаһ" және "бурра" деген қос араб сөздерінен шыққан. Ғалым шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетінін негізге алған болуы керек.
    Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше, домбыра сөзі "дөп бұра", "дәл бұра", "дем бұра" деген сөздердің тізбегінен жасалған.
    Тағы бір деректерде "домбыра" атауы "дом+бұра" деген сөздерінен шыққан делінеді. "Дом" сөзі қазір "домығып, ісініп кету" мағынасында қолданылып жүр. Ал "бұра" "күйге келтір" дегенге саяды.
    Домбыра тарихы
    Түрлі зерттеулерге сүйенсек, домбыра мен өзге халықтардың осы тектес аспаптары сонау орта ғасырларда белгілі болған. Мысалы, әл-Фарабидің еңбектерін оқысаңыз, тамбур аспабы жайлы кездеседі. Өзбектердің домбыраға ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің "Музыкалық канон" трактатында айтылды.
    Археологиялық қазба жұмыстары, тасқа түскен ескерткіштер домбыраның ежелгі түркі дәуірінде пайда болғанын көрсетеді. Алғаш домбыраның шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
      
     
    01.07.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Полезные ссылки