«Кеңес Одағының Батыры И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ
«Кеңес Одағының Батыры И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ
«Ұлы дала елi — 25 основ Независимости»
25 жұлдызды күндер аясында
біздің мектебімізде «ЭКСПО «жасыл» технологиялар» тақырыбы бойынша «Эко стиліндегі өмір» атты қатар дәрістер өтті.
Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан.
Күн өткен сайын елімізде "Астана ЭКСПО – 2017" көрмесіне дайындық қарқын ала түсуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде осы айтулы көрмеге тарту-таралғылар әзірленіп, нақты іс-шаралар жүргізілуде. Оның себебі де түсінікті. Бұл аса ауқымды, деңгейі биік шара. Енді сол он жетінші жылы отанымызға төрткүл дүниенің көрмесін тамашалауға 5 миллиондай адам келмек.
ЭКСПО – ағылшынша экспозиция (exposition) сөзінің түбірі. Көрме, жәрмеңке деген мағынаны білдіреді.Францияда өткен Халықаралық көрмелер бюросының кезекті, 152-ші сессиясында «ЭКСПО-2017»көрмесін Қазақстанда ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданғаны белгілі. Дауыс б¬еруші 161 елдің 103-і Қазақстанды таңдаған.
Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондондағы Гайд-саябағында мемлекет қайраткері, кәсіпкер және дизайнер Генри Коулдің және Альберт Девиз ханзаданың бастамасымен өтті. Көрменің ұраны мынадай болды: «Барлық елдер ұлы іс – адамзатты жетілдірумен айналыссын». Көрменің негізгі көрнекті жері Джозеф Пакстон салған темірден және шыныдан тұрғызылған Хрусталь сарай болды. Ғимарат жеңіл жиналатын және бөлшектенетін жекелеген құрылымнан тұрғызылған. «Алтын ғасырды» бейнелейтін сарай.
Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады және 2005 жылдан бастап EXPO-ға қатысады.
EXPO-ны өткізу тарихын Қазақстан Республикасының осы ұйымға енген сәтінен бастап толығырақ қарастырайық.
1998 жыл, Португалия, «Мұхит — болашақтың мұрасы»
22 мамырдан 30 қыркүйекке дейін Лиссабонда (Португалия) «Мұхит — болашақтың мұрасы» тақырыбында EXPO-1998 көрмесі өтті. Тақырып Португалдық теңізші Васко да Гаманың Үндістанға дейін ашқан теңіз жолының 500 жылдығына байланысты таңдалынып алынды. Шамамен 155 ел мен ұйымдар көрсетілді, 132 күнде көрмеге шамамен 11 млн адам келді.
2000 жыл, Германия, «Адам – табиғат – техника – жаңа әлемнің тууы»
1 маусымнан 31 қазанға дейін Германияда «EXPO-2000» көрмесі өтті. Өткізу орны үшін Ганновердің әйгілі жәрмеңкелі алаңы таңдалынды, Көрменің негізгі тақырыбы жекелеген бөлімдерге бөлінді: «Елестер ғаламшары», «Адам», «Қоршаған орта: ландшафт, климат», «Қоректену» және көптеген басқалары.
2005 жыл, Жапония, «Табиғат даналығы»
25 наурыздан 25 қыркүйекке дейін Жапония EXPO-2005 көрмесі өтті, онда 100-ден астам ел ұсынылды. Көрменің негізгі әрекет етуші тұлғалары – айналаны тазалаумен айналысқан, келушілерге ақпарат берген және балалармен ойнаған сансыз роботтар.
Көрме Сэто қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде (префектура Айти) орналасты және 540 гектарлық алаңды алып жатты. Көрме 185 күнге созылды. Онда 121 елдің экспозициялары көрсетілді, және көрермен саны 15 млн-нан кем болған жоқ. EXPO-2005 жаңа технологиялардың қоршаған ортаға деген ықыласпен қарым-қатынаста бола алатындығын көрсетуді үндеді.Бұл көрмеде Қазақстан Республикасы өзінің тарихында алғаш рет ЭКСПО-ға қатысты.
2008, Испания, «Су және тұрақты даму»
2008 жылдың 14 маусымынан 14 қыркүйегіне дейін Испанияның ең елеулі қалаларының бірі «Су және тұрақты даму» ұранымен болған Бүкіл дүниежүзілік көрмені қабылдады. Үш ай ішінде бәрінің назары су тақырыбында болды. Көрмеге барлығы 104 ел қатысты.
2010, Қытай, «Жақсы қала – жақсы өмір»
2010 жылы 184 күн бойы – 11 мамырдан 31 қазанға дейін – Қытай Халық Республикасындағы Шанхайда Бүкіл дүниежүзілік көрме өтті. Көрменің тақырыбы - “Жақсы қала – жақсы өмір”. 198 ел мен 27 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 73 млн. жуық адам келді.Көрмені өткізудің бүкіл кезеңіндегі мәдени және ойын-сауық шараларының жалпы саны шамамен 20 мың, яғни әр күн сайын шамамен жүз шара
2012, Оңтүстік Корея, «Тірі мұхит және жағалау»
2012 жылдың 12 мамырынан 12 тамызына дейін Оңтүстік Кореялық Ёсу қаласы "Тірі мұхит және жағалау" деген ұранмен Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.
2015, Италия, «Ғаламшарды қоректендіру, өмірге арналған қуат»
Халықаралық «Экспо-2015» көрмесі Миланда (Италия) 2015 жылдың 1 мамырынан сол жылдың 31 қазанына дейін өтті. Көрмелік павильондар үшін Миланның солтүстік-батысындағы 1 млн. шаршы метрден асатын алып аймақ тағайындалды. Басты экспозиция Fiera Milano көрмелік орталығы болды.
2017 жыл, Қазақстан, «Болашақ энергиясы»
10 маусым-10қыркүйек аралығында өтпек. Онда адамзатты толғандырып жүрген қуат көзінің баламалы түрлеріне көшуге байланысты жаңа технологиялар көрсетілетін болады.
ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті
ЭКСПО «әмбебап», «халықаралық» және «арнайы» деп аталып, негізгі үш түрлі бағыт бойынша өткізіледі. Өткізілетін уақыты 3-тен 6 айға дейінгі мерзімді қамтиды.